ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Е.Т. Алимкулов әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • У.А. Ахатов әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • А.С. Рсимбетов әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • А.С. Жұмаділова әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Н.С. Жұмадилова әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ118220262

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасында цифрлық трансформацияның жеделдеуімен және дербес деректердің цифрлық сервистерде, платформаларда, цифрлық сәйкестендіру жүйелерінде әрі жасанды интеллектке негізделген технологиялар арқылы кең көлемде өңделуімен айқындалады. Дербес деректердің айналымы заңнамада нақты ұғымдық аппарат арқылы бекітілгенімен, цифрлық сервистер мен онлайн-платформаларда дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) таратудың жаңа нысандары мен тәуекелдері, сондай-ақ олардың цифрлық ортада жасалу ерекшеліктері күшейіп отыр. Атап айтқанда, дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы, санкцияланбаған қол жеткізу, деректердің заңсыз таралуы сияқты құқыққа қайшы әрекеттермен қатар, автоматтандырылған өңдеу нәтижесінде тұлғаға қатысты бағалау сипатындағы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін деректерді бейіндеу (профилинг) практикасының белсенді қолданылуы қылмыстық-құқықтық қорғау тиімділігін қайта бағалауды талап етеді.

Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасында цифрлық трансформация жағдайында дербес деректерді қылмыстық-құқықтық қорғаудың өзекті мәселелерін айқындау, сондай-ақ құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу барысында жүйелік тәсіл және жалпығылыми әрі арнайы құқықтық әдістер кешені қолданылып, ұлттық нормативтік-құқықтық актілерге, халықаралық стандарттарға және ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері құқық қорғау органдары қызметінде, құқық қолдану практикасын біріздендіруде және қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды ғылыми тұрғыдан негіздеуде пайдаланылуы мүмкін. 

Бұл зерттеу BR27101389 «Қазақстан Республикасының заңнамасын оңтайландыру және оның тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында заң шығару процесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан қаржыландырылды.

Түйінді сөздер: дербес деректер, жасанды интеллект, цифрлық трансформация, ақпараттық қауіпсіздік, deepfake, цифрлық сәйкестендіру.

Автор өмірбаяндары

  • Е.Т. Алимкулов, әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    заң ғылымдарының кандидаты, қылмыстық құқық, қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасының профессор м.а., заң факультеті

  • У.А. Ахатов, әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    заң ғылымдарының кандидаты, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, Заң факультеті

  • А.С. Рсимбетов, әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    қылмыстық құқық, қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасының PhD докторанты, Заң факультеті

  • А.С. Жұмаділова, әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    қытайтану кафедрасының студенті, Шығыстану факультеті, әл– Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Н.С. Жұмадилова, әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    (хат-хабар алмасушы автор) – қылмыстық құқық, қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасының PhD докторанты, Заң факультеті

Жарияланды

2026-06-03

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW