ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ БОСҚЫНДАР ИНСТИТУТЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ117120265%20Аңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі босқындар институтын халықаралық құқықтық стандарттар тұрғысынан зерттеуге арналған. Салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде босқындардың мәртебесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер қарастырылып, ұлттық заңнамадағы олқылықтар айқындалады және оларды халықаралық әмбебап міндеттемелермен үйлестіру жолдары ұсынылады. Босқын мәртебесін танудың құқықтық тетіктеріне, құқық кепілдіктеріне және әлеуметтік қорғауға қолжетімділік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1951 жылғы Конвенциясының, Еуропалық Одақ заңнамасының және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті тәжірибесінің ықпалы талданады. Құқық қолдану тетіктерін институционалдық тұрғыдан нығайту және халықаралық стандарттарды ұлттық юрисдикцияға жүйелі түрде енгізу қажеттілігі туралы қорытындылар жасалады. Баспанa беру туралы өтініштерді қарау рәсімдерін жетілдірудің маңыздылығы, оның ішінде ашықтықты қамтамасыз ету, процестік әділдікті сақтау және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарының бірі болып табылатын кері қайтармау (non-refoulement) принципін сақтау қажеттілігі атап өтіледі. Сондай-ақ өтініштерді қарау кезеңінде баспана іздеуші тұлғалардың құқықтық мәртебесі мәселелеріне және оларға ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, босқындарды қорғау саласында Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығын кеңейтудің орындылығы туралы қорытынды жасалады. Бұл шетел мемлекеттерімен тәжірибе алмасуды, халықаралық бағдарламаларға қатысуды және озық тәжірибелерді бейімдеуді қамтиды.
Түйін сөздер: босқын, баспана, құқықтық мәртебе, халықаралық құқық, Қазақстан, адам құқықтары, қорғау, имплементация.










