КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДАҒЫ ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ЖЕКЕ БАСЫ: КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТ ЖӘНЕ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ200411126

Аңдатпа

Цифрлық ортаның кеңеюі кәмелетке толмағандарды ақпараттық қатынастардың ең осал қатысушыларының біріне айналдырды, алайда олардың ақпараттық қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардағы жәбірленушінің жеке басы қазақстандық криминологияда әлі де жеткілікті зерттелмеген. Зерттеудің мақсаты – осындай жәбірленушінің криминологиялық портретін жасау және мақсатты профилактиканың негізі ретінде виктимизация қаупінің факторларын жүйелеу. Жұмыстың ғылыми маңызы виктимдік пен виктимизация туралы отандық виктимология ережелерін онлайн-тәуекелдердің шетелдік модельдерімен ұштастыруында, ал практикалық маңызы алынған тұжырымдарды ішкі істер органдарының, білім беру ұйымдарының және отбасының алдын алу қызметінде пайдалану мүмкіндігінде. Әдіснамалық негізді Қазақстан Республикасының 2026 жылғы Конституциясын, БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын, Қазақстан Республикасының қылмыстық, әкімшілік-деликтілік заңнамасы мен дербес деректер туралы заңнамасын, Будапешт конвенциясын формалды-заңдық және салыстырмалы-құқықтық талдау, сондай-ақ Kazakhstan Kids Online (2023) ұлттық репрезентативті зерттеуінің, ЮНИСЕФ-тің Еуропа мен Орталық Азия бойынша өңірлік шолуының (2025), Қазақстан Республикасының құқықтық статистикасы мен сот практикасының, шетелдік ұлттық сауалнамалар мен метаталдаулардың деректерін қайталама талдау құрады. Цифрлық ортадағы кәмелетке толмағандардың виктимдігі жас ерекшелігіне байланысты жетілмегендіктің, желідегі тәуекелді өзін-өзі ашудың, онлайн-мойындауға тәуелділіктің және бейтаныс адамдармен байланысқа ашықтықтың үйлесімімен айқындалатыны, ал виктимизацияның негізгі тетіктері груминг, сексуалдық бопсалау және кибербуллинг екені көрсетілді. Қазақстандық құқық қолдану практикасы мұндай қол сұғушылықтардың жоғары латенттілігін растайды. Жәбірленуші портретінің үш деңгейлі моделі (индивидтік, отбасылық және ортаға қатысты деңгейлер) ұсынылып, тәуекелдердің жас және гендерлік айырмашылықтары мен жоғары виктимдік маркерлерінің төрт кластері бөліп көрсетілді. Зерттеудің құндылығы назарды қылмыскердің жеке басынан жәбірленушінің жеке басы мен ортасына ауыстыруында. Нәтижелерді виктимдігі жоғары кәмелетке толмағандарды ерте анықтау бағдарламаларын және цифрлық сауаттылық бағдарламаларын әзірлеуде пайдалануға болады.

Түйін сөздер: виктимология, кәмелетке толмағандар, ақпараттық қауіпсіздік, груминг, жәбірленушінің криминологиялық портреті.

Автор өмірбаяны

  • В.В. Хасанова, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Ақтөбе, Қазақстан

    Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедра бастығының орынбасары, заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі

Жарияланды

2026-11-17

Журналдың саны

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА