ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӘДІЛЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • Е. Оңдашұлы Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0009-0005-4561-2777
  • Е.К. Нүрпеисов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3463-7371
  • Л.Б. Нусипова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6566-8373
  • Б.Ж. Қуандықов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0006-9190-8509
  • Ф.С. Байкенжеев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6383-9485

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202511532

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалар үдерістеріне негізделеді. Бұл реформалардың басты мақсаты – демократиялық институттарды нығайту, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін кеңейту. Мақалада Қазақстан Республикасындағы конституциялық әділеттіліктің теориялық және заңнамалық негіздері қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты – конституциялық әділеттілікті құқықтық реттеудің теориялық-құқықтық қағидаттарын конституциялық-құқықтық теория ережелері мен олардың заңнамалық бекітілу тәжірибесіне сүйене отырып талдау. Әдіснамалық негізді жалпығылыми талдау мен синтез, индукция мен дедукция, абстракция мен жинақтау әдістері, сондай-ақ арнайы салыстырмалы-құқықтық және лексико-құқықтық талдау әдістері құрайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы – мемлекеттік билік органдарының қызметін бақылайтын жоғарғы орган ретіндегі ерекше мәртебесіне байланысты конституциялық соттардың қызметін референдум тетігі арқылы заңдастыру қажеттілігін негіздеуде көрінеді.

Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты заңды құқықтық алаңда қызмет ететінін және оның шешімдері даусыз заңды күшке ие екенін көрсетті. «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заңның негізгі жаңалығы – азаматтарға өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда Сотқа тікелей жүгіну құқығының берілуі. Бұл ұлттық конституциялық әділеттіліктің демократиялық әрі гуманистік сипатын күшейтеді. Зерттеудің практикалық маңызы Конституциялық Соттың рөлін әрі қарай теориялық және тәжірибелік тұрғыдан пайымдауға және осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған тұжырымдарды қолдану мүмкіндігімен айқындалады.

Бұл ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын «Ресей империясының күйреуі және Қазақ мемлекеттілігінің жандануы: тарихи-құқықтық талдау» гранттық жобасын іске асыру аясында әзірленді (AP19678348).

Түйін сөздер: Конституция, заңнама, конституциялық сот төрелігі, Конституциялық Сот, заңдылық, конституциялық шағым.

Автор өмірбаяндары

  • Е. Оңдашұлы, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    заң ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің докторанты, аға оқытушы

  • Е.К. Нүрпеисов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет, Алматы, Қазақстан

    заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры

  • Л.Б. Нусипова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    заң ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің  аға оқытушысы

  • Б.Ж. Қуандықов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    заң ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогиқалық Университеті

  • Ф.С. Байкенжеев, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы, Алматы, Қазақстан

    ҚР Ұллтық Қаупсіздік Академиясының қаумдастырылған  профессоры, заң ғылымдарының кандидаты

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-20

Журналдың саны

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ