ТАУ-КЕН НЕМЕСЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ БҰЗУДЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІ ФАКТОРЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ2025113111

Аннотация

Зерттеу пәні – Қазақстанда кеңінен таралып келе жатқан қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету саласында қылмыс жасауға әкелетін себептердің жиынтығы. Автор бұл әрекеттің криминологиядағы себептілік ілімінде қамтылған абайсызда жасалған қылмыстың бір бөлігі екенін атап көрсетеді. Бұл әрекеттің детерминанттарын «қылмыстық факторлар» әмбебап термині біріктіреді, оны себеп ретінде де, шарт ретінде де, жалпы белгімен біріктірілген себептер тобы ретінде де қолдануға болады. Талданатын қылмыстық құқық бұзушылық табиғаты бойынша өзара байланысты және өзара әрекеттесетін, белгілі бір жүйені білдіретін объективті және субъективті криминогендік факторлардың әсерінен туындайды. Автор осы актінің ұйымдастырушылық, техникалық, құқықтық және санитарлық объективті факторларын анықтайды. Субъективті фактордың мазмұнын қабылдаудың, зейіннің және реакцияның психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік, рухани-адамгершілік саладағы топтық және жеке деңгейдегі кемшіліктер немесе қызметкердің өзіне жүктелген еңбек міндеттерін орындай алмауы немесе орындағысы келмеуі құрайды. Зерттеу процесінде социологиялық, статистикалық, тарихи, салыстырмалы құқықтық, аналитикалық және логикалық зерттеу әдістері қолданылды.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы оның нәтижелерін өндірістік жарақаттанудың алдын алу шараларын жетілдіру және еңбекті қорғау жүйесін жаңғырту процесінде пайдалануға болады.

Түйінді сөздер: объективті және субъективті факторлар, қылмыстық құқық бұзушылық, тау-кен немесе құрылыс жұмыстары, өндірістік жарақат.

Автордың биографиясы

К.А. Бәкішев, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды

(корреспондент-автор) – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​университеті, ЕПИ ҒЗИ Заң зерттеулері зертханасының меңгерушісі

Как цитировать

Бәкішев, К. . (2025). ТАУ-КЕН НЕМЕСЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ БҰЗУДЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІ ФАКТОРЛАРЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 113(1). https://doi.org/10.26577/JAPJ2025113111

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА