САНДЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ДЕЛДАЛДАР: АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ202511319Аннотация
Мақалада цифрлық ортадағы авторлық құқықты қорғаудағы бірнеше мәселелері қарастырылған. Бұл тақырып қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кең мүмкіндіктеріне байланысты өзекті болып табылады, өйткені олар авторлар мен авторлық құқық иелерінің ғаламдық желі арқылы бөліске түскен ғылым, әдебиет және өнерге деген құқықтарына үнемі тәуекелдер туғызуда. Бұл тұрғыда ақпарат делдалдары ретінде әрекет ететін провайдерлер онлайн арқылы өзара әрекеттесуде маңызды рөл атқарады, дегенмен көптеген елдердің заңдарында олардың мәртебесі мен міндеттерін реттеуде олқылықтар бар. Бұл зерттеу авторлардың интернеттегі құқықтарын қорғауға және Қазақстандағы ақпараттық делдалдардың құқықтық мәртебесі мен міндеттерін нақтылауға бағытталған. Мақала Қазақстандағы делдалдық қызметті реттеудегі кемшіліктерді анықтауға және заңнамалық жетілдірулерді ұсынуға бағытталған. Осы мақсаттарға жету үшін жалпы ғылыми және арнайы зерттеу әдістері қолданылды. Бұл тақырыптың жаңалығы - Қазақстанның заңнама жүйесінде ақпараттық делдалдардың рөлі немесе олардың интернеттегі авторлық құқықты қорғауға қатысты мәртебесінің анықталмауы және аталған сұрақ бойынша отандық ғылыми зерттеулердің аздығы болып табылады. Ғылыми мақаланың ерекшелігі - осы мәселелерді алғашқылардың бірі болып зерттейді. Негізгі тұжырымдар ретінде Қазақстанда ақпараттық делдалдардың мәртебесін анықтайтын құрылымдық құқықтық базаның қажеттілігі және интернетте авторлық құқықты бұзу жағдайлары бойынша олардың жауапкершілігінің көлемі мен шектерін анықтау қарастырылады.
Түйін сөздер: авторлық құқық, авторлық құқық бұзушылық, ғаламдық желі, ақпараттық қоғам, ақпараттық делдал, провайдер, DMCA, ақпараттық делдалдардың жауапкершілігі.