ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОЙЫН БИЗНЕСІНІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕЛУ ТӘРТІБІ

Авторлар

  • Б.Х. Толеубекова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0001-0402-7441
  • Г.Ж. Османова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3480-2015

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202511318
        60 5

Аннотация

Елімізде лудомания әлеуметтік маңызы бар құбылыс ретінде танылады және оның пайда болуының алғышарттары, таралу процесіне қарсы тұру үшін қажетті  шараларды қолдануға әсер етеді. Өйткені, бұл феноменнің әлеуметтік құбылыс екендігін ескерсек, оған әлеуметтік тұстарымен қатар құқықтық жолдармен де қарсы тұру орынды.  Бүгінгі таңда еліміз де бұл мәселеге назар аударуды қажет етеді. Олай дейтініміз, құмар ойын ойнайтындар қатары күн санап артуда. Оның алғышарттарына олардың әлеуметтік маңызды құндылықтарды құрайтын әртүрлі деңгейлерінің жиынтығының жоғалуы, тұрақсыздық пен теңсіздік алып келетін жағдайды тудыратын құбылыстарды жатқызуға болады.  Бұл ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін дәрежеде болатындықтан,  өз деңгейінде қарсы тұруды қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты, Қазақстандағы ойын бизнесінің заңдық реттелуінің қазіргі жағдайы ғана емес, сонымен қатар ағымдағы мәселелер мен әлеуметтік мүмкіндіктерді де ескере отырып, заңнаманы оңтайландыру жөнінді ұсыныстар келтіру болып табылады.

Зерттеуде ойын бизнесінің пайда болуына қатысты заңдық алғышарттарды қарастыра отырып, елімізде құқықтық тұрғыдан  реттелуі  және лудоманияның алдын алудың тиімді шараларын жасау мүмкіндіктері зерделенеді. Алынған нәтижелер жалғасып жатқан ойын бизнесінің заңдық реттелуіне ықпал етеді, болашақ зерттеулерді әзірлеуге негіз болады.

Зерттеу қорытындысы ойын бизнесі саласын зерттеушілер мен мамандарға осы саланың заңдық реттелуі және күрделі тұстары туралы жан-жақты түсінік алуға ықпал етеді.

Түйін сөздер: лудомания, ойын бизнесі, құмар ойын, лудоманияның пайда болуы, ойыншы, лудомания себептері.

Авторлардың биографисы

Б.Х. Толеубекова , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

заң  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Тарих және құқық факультетінің «Құқықтану» кафедрасының профессоры

Г.Ж. Османова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

(хат-хабар авторы) - философия докторы (PhD), Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Тарих және құқық факультетінің «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Жүктелулер

Как цитировать

Толеубекова , Б. ., & Османова, Г. (2025). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОЙЫН БИЗНЕСІНІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕЛУ ТӘРТІБІ. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 113(1), 96–105. https://doi.org/10.26577/JAPJ202511318

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ