ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КИБЕРШАБУЫЛДАРДЫ ЖІКТЕУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ҚАҒИДАТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2024.112.i4.a12Аннотация
Цифрлық технологиялардың дамуы киберқауіптердің өсуіне әкеледі, бұл кибершабуылдарды жіктеуге жүйелі көзқарасты және тиісті құқықтық реттеуді талап етеді. Цифрлық ортаны кеңінен қолдану нәтижесінде дәстүрлі қылмыстар да цифрлық кеңістікке көшті. Кибершабуыл - бүкіл әлемде өсіп келе жатқан қауіп. Кибершабуылдар мен деректердің бұзылу қаупі үкіметтер, кәсіпорындар және жеке тұлғалар үшін маңызды мәселе болып табылады.
Мақаланың мақсаты кибершабуылдарды жіктеу принциптерін зерттеу және Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеуді бағалау. Негізгі назар кибершабуылдардың негізгі түрлерін, олардың сипаттамалары мен жіктеу әдістерін анықтауға, сондай-ақ осы саладағы құқықтық реттеуді жақсарту бойынша ұсыныстар беру мақсатында киберқауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнаманы талдауға аударылады. Бұл тақырыптың өзектілігі киберкеңістіктегі қауіптердің өсуіне және кибершабуылдарға тиімді қарсы тұру қажеттілігіне байланысты. Интернет қолданушылар санының артуымен және ақпараттық технологиялардың дамуымен киберқылмыс жасау ықтималдығы артады. Осы саладағы құқықтық реттеу киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуде және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғауда шешуші рөл атқарады. Кибершабуылдарды жіктеу қағидаттарын бағалау және Қазақстан Республикасында құқықтық реттеуді талдау, киберқауіптердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу үшін үлкен практикалық маңызға ие. Талдау әдебиеттерді шолуды, қарсы тұру әдістерін зерттеуді қамтитын кешенді тәсіл негізінде жүргізілді. Әр түрлі техникалар мен қауіп деңгейлерін ескере отырып, шабуылдарды ресми жіктеу әдістері де қолданылды.
Түйін сөздер: кибершабуыл, кибертерроризм, ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, киберқалқан.