ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУ КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ2024.112.i4.a10
        75 18

Аннотация

Су тиімді және суды үнемдейтін мемлекеттік саясатты іске асыру үшін соңғы он жыл ішінде су қатынастарын реттеу шұғыл реформалауды талап етеді. Заң және экономикалық ғылым мен практиканың дамуы суды экономикалық айналымға қосу қажеттілігін анықтайды, осылайша су пайдаланушыларды айналмалы циклды экономика құруға ынталандырады. Сонымен, су заңнамасын жетілдіру барысында экономикалық, мүліктік, экологиялық және басқа аспектілерді ескеру қажет. Су қатынастары су, азаматтық және басқа да табиғи ресурстар заңнамасымен реттеледі. Сондықтан мақалада заңнаманың осы салалары нормаларының оңтайлы арақатынасын қамтамасыз ету қажет екендігі айтылады. Мақалада су қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі мәселелерін шешуге бағытталған Қазақстан Республикасы Су Кодексі 2024 жылғы жобасының жекелеген ережелеріне талдау ұсынылған. Авторлардың пікірінше мақала заң жобасының кейбір нормаларының кемшіліктерін белгілеуге тырысады. Заңдық қайшылықтарды, жер, су және жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнама нормалары арасындағы олқылықтарды жою бойынша нақты ұсыныстар ұсынылады.

Түйін сөздер: су, су объектісі, Су кодексі, құқықтық реттеу, су қатынастары.

Авторлардың биографисы

К.У. Оразалиев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының докторанты

А.А. Мукашева, Нархоз Университеті, Қазақстан, Алматы

(хат-хабарларға арнлаған автор) – заң ғылымдарының докторы, Нархоз университетінің профессоры

Т.И. Макарова, Белорусский государственный университет, Беларусь, Минск

Заң ғылымдарының докторы, профессоры, Беларусь мемлекеттік университетінің экологиялық және аграрлық құқық кафедрасының меңгерушісі

Б.А. Удербаева, Нархоз Университеті, Қазақстан, Алматы

заң ғылымдарының кандидаты, Нархоз университетінің қауымдастырылған профессоры

Жүктелулер

Как цитировать

Оразалиев K. ., Мукашева A., Макарова T. ., & Удербаева B. (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУ КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 112(4), 104–110. https://doi.org/10.26577/JAPJ2024.112.i4.a10

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ