ЗАҢТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІНДЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫ ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕНУІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ2024.112.i4.a6
        79 20

Аннотация

Бұл мақалада, заңтану ғылымдары жүйесінде коммерциялық үй-жайларды жалдау шартын ғылыми-теориялық зерделенуі тұрғысынан қарастырамыз. Қазіргі заңтану ғылымдарының жүйесінде коммерциялық үй-жайларды жалдау шарттарының ғылыми-теориялық тұрғыда зерделенуінің қажеттілігін мынадай факторлармен айқындаймыз.
Өйткені: біріншіден, мақаланың зерттеу объектісін заңтану ғылымдарының жүйесінің ішінде бірінші кезекте азаматтық құқық зерттейді; екіншіден, жоғарыда аталған құқық саласынан бөлек, құқық жүйесінің өзге де құқық салалары мен институттары, атап айтқанда, шарттар құқығы, жалдау құқығы, кәсіпкерлік құқық, тұрғын үй құқығы, құрылыс құқығы, жер құқығы, халықаралық жеке құқық және т.б. зерделейді; үшіншіден, осы тақырыпты өз кезегінде аталған құқық салаларынан да бөлек, қазір азаматтық құқықтың дәстүрлі түрде дамып келе жатқан «заттық құқық», «мүліктік құқық» сондай-ақ «меншік құқығы» делінген құқықтық институттарыаясында сарапшылар зерттеуге қызығушылық танытады.
Демек, заңтану ғылымдары жүйесіне кіретін аталған құқық салалары мен өзге де құқық институттарына сол коммерциялық үй-жайларды жалдау шартының ғылыми-теориялық тұрғыда зерделеуге тікелей хақысы бар. Осы мәселелерді жан-жақты талдау бар проблемаларды анықтауға және оларды шешу жолдарын ұсынуға көмектеседі, бұл осы саладағы құқықтық реттеуді дамытуға және жалға берушілер мен жалға алушылардың мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.


Түйін сөздер: мүлік, меншік, жалға беру, коммерциялық үй жайлар.

Авторлардың биографисы

А.С. Алимкулова, Шымкент университеті, Қазақстан, Шымкент

(хат-хабарларға арнлаған автор) – заң ғылымдарының магистрі, Шымкент университетінің аға оқытушысы

А.К. Кайшатаева, Alikhan Bukeikhan Universiti , Қазақстан, Семей

Заң ғылымдарының кандидаты, Alikhan Bukeikhan Universiti 

У.К. Сартбаева, Шымкент университеті, Қазақстан, Шымкент

Заң ғылымдарының кандидаты, Шымкент университеті аға оқытушысы

А.А. Мадалиева, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысының филиалы, Қазақстан, Қызылорда

Заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры

Жүктелулер

Как цитировать

Алимкулова, А., Кайшатаева, А. ., Сартбаева, У. ., & Мадалиева, А. (2024). ЗАҢТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІНДЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫ ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕНУІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 112(4), 64–72. https://doi.org/10.26577/JAPJ2024.112.i4.a6

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ