ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-04Аннотация
Мақала Қазақстан Республикасының конституциялық құқық көздері жүйесіндегі ҚР Конституциялық Соты шешімдерінің орны мен рөлін зерттеуге арналған.
Тақырыптың теориялық және практикалық маңыздылығы Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау институтын жаңғырту ұлттық құқықтық жүйені өзгертудегі маңызды фактор болып табылатындығымен айқындалады, бұл Конституциялық Сот төрелігі органдары шешімдерінің құқық көзі ретіндегі рөлі туралы, сондай-ақ олардың заңдық күші мен қолданылу аясы туралы мәселе қоюға мүмкіндік береді.
Конституциялық сот шешімдерінің конституциялық құқықтың қайнар көзі ретіндегі рөлі мәселесі өзекті болып табылады, өйткені аталған мәселеге қолданыстағы тәсілдер күрт қарама-қайшы болып табылады: бірінші тәсілге сәйкес Конституциялық соттар - бұл құқықтың жаңа нормаларын жасамайтын құқық қорғау органдары; екіншісіне сәйкес, Конституциялық соттар құқық шығарумен қатар заң шығарумен де айналысады, яғни олардың көптеген шешімдері нормативтік мәнге ие, құқықтың, оның ішінде конституциялық құқықтың қайнар көздеріне айналады.
Мақала авторлары Конституциялық Соттың конституциялық бақылау органы ретіндегі ерекше мәртебесін, ол қабылдаған актілердің маңыздылығын, олардың ерекше құқықтық қасиеттерін, сондай-ақ конституциялық құқық көздері жүйесіндегі оның шешімдерінің орны мен рөлін қарастырады.
Түйін сөздер: Конституциялық сот, құқықтың қайнар көзі, конституциялық құқықтың қайнар көзі, конституциялық құқық көздерінің жүйесі, нормативтік құқықтық акт, сот прецеденті, нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы