ТАУ-КЕН НЕМЕСЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ЖАРАҚАТТАНУ: ЖАҒДАЙЫ, ДИНАМИКАСЫ, БОЛЖАМЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2024109110Аннотация
Мақалада бес жыл ішінде (2018 жылдан 2022 жылға дейін) Қазақстанда тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде өндірістік жарақаттануға криминологиялық талдау жүргізіледі. Авторлар өндірістегі жазатайым оқиғалардың абсолютті және салыстырмалы статистикалық көрсеткіштерін талдау әдістерін, сондай-ақ экстраполяция әдісін қолдана отырып, адамдардың өлімі мен жарақаттануына әкеп соққан жазатайым оқиғалардың қазіргі жағдайы мен динамикасын бағалайды, экономиканың тау-кен және құрылыс салаларындағы өндірістік жарақаттанудың одан әрі тенденцияларын анықтауға тырысады. Зерттеу негізінде олар тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жарақаттанудың көрінісі тұтастай алғанда елде қолайсыз болып жатқанын айтады. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде зардап шеккендердің жалпы саны бес жыл ішінде өсіп, 2018 жылғы көрсеткіштен 45,04 % асып түсті. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жарақат алу жиілігінің коэффициенті 1,393-ке дейін өсті, өсім 116,30 % құрады. Экономиканың тау-кен саласындағы жасырын жарақаттану көрсеткіші орта есеппен 15,2:1, құрылыс саласында – 5,1:1 құрайды, бұл Еуропа мен АҚШ-тың көптеген дамыған елдерінің тиісті көрсеткішінен бірнеше есе асып түседі. Осыған байланысты авторлар еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру және жазатайым оқиғалардың салдарын азайту мақсатында ұсыныстар тұжырымдайды.
Кілт сөздер: еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, тау-кен жұмыстары, құрылыс жұмыстары, өндірістік жарақаттану, жарақаттанудың алдын алу