ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ДИНАМИКАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.012

Аннотация

Ұсынылған мақала тұрмыстық зорлық-зомбылықтың криминологиялық сипаттамасына және оның проблемалық мәселелеріне арналған. Зерттеу барысында авторлар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және туындау себептеріне назар аударды. Мақалада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстарының маңызды статистикалық және криминологиялық көрсеткіштері және оның қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша таралуы талданады, бұл статистикалық мәліметтер жүйесін жалпылама түрде ұсынуға мүмкіндік береді, соның ішінде қарастырылып отырған түрдегі қылмыстың сапалық ерекшелігін, тенденциялары мен заңдылықтарын ашады. Сонымен қатар, мақалада осы әлеуметтік қауіпті іс – әрекеттің түрлері бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының (көп жағдайда бұл әйелдер мен балалар) өзекті пайыздық көрсеткіштері берілген, сондай-ақ қылмыскердің криминологиялық портретіне сипаттық анықтама берілген.

Сондай – ақ ұсынылып отырған мақалада қылмыстың алдын алу шараларын жүзеге асыру кезінде отбасылық-тұрмыстық қылмыстың жай-күйі, құрылымы, динамикасы көрсеткіштерінің маңыздылығы сипатталады. Мақаланың қорытындысында авторлар ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика комитетінің деректеріне негізделген отбасылық саладағы қылмыстың таралу себептерін атап көрсетеді, сондай – ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және осы саладағы қылмыстың алдын алу жөніндегі шараларды жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

Түйінді сөздер: қылмыс, тұрмыстық қылмыс, қылмыс көрсеткіштері, қылмыс мәртебесі, динамикасы, үлесі, тенденциялары, болжау, криминогендік белсенділік, алдын алу шаралары, ақпараттық сипаттамалар.

Жүктелулер

Жарияланды

2024-01-15 — Обновлена 2023-12-14

Нұсқалар

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА