ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ КОМПЛАЕНС-БАҚЫЛАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҮРДІСТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.08

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасындағы банк саласындағы комплаенс – бақылау туралы заңнаманы дамытудың негізгі кезеңдері қарастырылады. Аталған институтты мемлекеттік реттеу тетігіне, оның ұйымдастырылуына, институционалдық өзара іс-қимылына, екінші деңгейдегі банктердің функциялары мен өкілеттіктеріне, олардың қаржы реттеушісімен өзара қарым-қатынасына талдау жасалады. Банк заңнамасын өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар тұжырымдалады. Банктік комплаенс-бақылау саласындағы соңғы Нормативтік-құқықтық өзгерістерге талдау жасалады.

Банк жүйесі кез-келген заманауи мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірі бола отырып, тұтастай алғанда қоғамның өміріне әсер етеді. Ұлттық валютаның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы, оның ішінде сатып алу қабілеті мен шетел валюталарына қатысты бағам оның жағдайына байланысты. Сондықтан банк қызметі экономиканың ажырамас бөлігі ретінде экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі болуы керек.

Түйін сөздер: мемлекет, құқықтық реттеуші, комплаенс-бақылау, реттеуші, Қытай қабырғалары, Астана халықаралық қаржы орталығы.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-14

Шығарылым

Бөлім

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚ