СУДЬЯЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ: ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Авторлар

  • Е.Б. Әбдірасұлов Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ https://orcid.org/0000-0003-4835-9760
  • А.Б. Сақтағанова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ https://orcid.org/0009-0008-0457-7794

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.04
        203 141

Аннотация

Мақала судьяның кәсіби қасиеттерімен байланысты маңызды мәселені зерттеуге арналады. Оның бұл  қасиетттері құқықтық білім деңгейімен, жеке және адамгершілік ерекшеліктерімен анықталады, яғни оларды жалпы тұрғыда судьяның кәсіби құқықтық санасы дейміз. Судьялардың кәсіби құқықтық санасы тақырыбының теориялық және практикалық маңыздылығы оның заңды және әділ сот шешімдерін қабылдауда маңызды фактор, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениеттің негізі болып табылатындығымен анықталады, бұл өз кезегінде халықтың сот билігіне деген сенімін арттыруға және құқықтық және демократиялық мемлекеттің негіздерін нығайтуға әсер етеді.

Осыған байланысты кәсіби құқықтық сана құбылысын зерттеудегі маңызды бағыт судьялардың кәсіби құқықтық санасы дегеніміз не, оның заңгерлердің кәсіби топ ретіндегі құқықтық санасымен байланысы қандай, бұл мәселелерді ғылыми қоғамдастық қалай қарастырады, кәсіби құқықтық сананы қалыптастырудың жолдары қандай, оның мәні мен мазмұны қандай деген мәселені ғылыми тұрғыдан түсіну болып табылады.

Мақалада бұл тақырып Қазақстанда осы мәселе бойынша ғылыми әзірлемелер жеткіліксіз екендігі ескеріле отырып талданады, ал судьялардың кәсіби құқықтық санасының түсінігі мен мазмұны заңгерлердің кәсіби құқықтық санатының жалпы санаты аясында бөлшектеніп зерттеледі.

Мақала авторлары судьялардың кәсіби құқықтық санасын кәсіби қызметі және оның қалыптасуы мен даму кезеңдері арқылы қарастырады.

Түйінді сөздер: судьялардың кәсіби құқықтық санасы; құқықтық психология, құқықтық идеология; сот шешімі; құқықтық оқыту; құқықтық білім.

Жүктелулер

Как цитировать

Әбдірасұлов, Е., & Сақтағанова, А. (2023). СУДЬЯЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ: ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 108(4), 32–41. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.04

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ