Қазіргі сақтандыру қатынастарының даму кезеңіндегі қазақстандық құқық жүйесінде сақтандыру құқығының орнын анықтау мәселесі туралы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v105.i1.09
        132 95

Аннотация

Бұл мақалада қазіргі сақтандыру құқығының теориялық мәселелерінің біріне талдау жасалады. Сақтандыру қатынастарын реттейтін нормалар жиынтығының дамуы арқылы жаңа мәртебеге ие болады. Сақтандыру заңнамасы енді қаржылық құқықтың институты емес, күрделі құқықтық білім болып табылады. Бұған құқықтық реттеудің жеке пәні – сақтандыру қатынастары, құқықтық реттеу әдістері – сақтандыру құқығының белгілерін құқықтың басқа салаларынан ерекшелендіретін диспозитивті нормаларды, құқықтық реттеу принциптерін көп мөлшерде қамтуы дәлел. Бұл сұрақтардың барлығын автор төмендегі мақалада қарастырады. Автор жасаған тұжырымдар сақтандыру қатынастарының сипаты мен ерекшеліктерін, сондай-ақ қазіргі заманғы сақтандыру заңнамасын және Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты кешенді зерттеуге негізделген.

Осы мақаланың тәжірибелік маңыздылығы теориялық нәтижелерді сақтандыру құқығы саласындағы одан әрі зерттеулерде, Қазақстан Республикасының сақтандыру заңнамасы мен нормаларын әзірлеу мен жетілдіре пайдалану мүмкіндігінде болып табылады.

Сонымен қатар, қажетті қолданыстағы құқық саласы ретінде сақтандыру құқығының орнын анықтауға байланысты мәселелер әрдайым жабық экономика жағдайында сақтандыру қатынастарын дамытуда да, тәуелсіз мемлекеттерде де, жаңа нарықтық қатынастарда да көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы ретінде қарастырылп келеді.

Түйін сөздер: сақтандыру құқығы, сақтандыру қызметі, сақтандыру заңнамасы, сақтандыру қатынастары.

Жүктелулер

Как цитировать

Bayan, M. (2023). Қазіргі сақтандыру қатынастарының даму кезеңіндегі қазақстандық құқық жүйесінде сақтандыру құқығының орнын анықтау мәселесі туралы. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 105(1), 84–91. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v105.i1.09

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ