Қазақстан Республикасының трансшекаралық су ресурстарының түсінігі және құқықтық жағдайы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v105.i1.08
        96 124

Аннотация

Өзінің аумағының көлемі бойынша әлемде 9-шы орында тұрған Қазақстан Республикасы географиялық орналасуына, жергілікті климатына, трансшекаралық су ресурстарына тәуелділігіне және басқа да себептерге байланысты нашар қамтамасыз етілген аймақтардың біріне жатады.  Бұл факт су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су ресурстарына барынша ұқыпты қарау, оны ұтымды пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету және ластанудан, бітелуден және сарқылудан жан-жақты қорғау процестерін ұйымдастыру қажеттілігін туындатады тек Қазақстан азаматтарын емес, бүкіл адамзат үшін.

Қазақстанның су шаруашылығы қызметі жүйесінде трансшекаралық су ресурстары маңызды орын алады, өйткені оның жаңартылатын су ресурстарының жартысынан астамы оның аумақтық шекарасынан тыс жерде қалыптасады. Оның үстіне Қазақстан трансшекаралық өзендердің шетінде орналасқандықтан, өз аумағына жоғарыдағы көршілерден келетін су ағынын толықтай бақылай алмайды.

Бұл проблема аумағында трансшекаралық су ресурстары локализацияланған елдер арасындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық шиеленістің өсуіне себеп болады. Әдетте, бұл процесстер жергілікті деңгейде де, мемлекетаралық деңгейде де қайшылықтар мен қақтығыстардың пайда болуымен бірге жүреді.

Қазақстан Республикасының трансшекаралық су ресурстарының түсінігі мен құқықтық мәртебесін дұрыс анықтау су қорын жабдықтау және санитария, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік су саясатын толық іске асырудың маңызды мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізудің бастапқы нүктесі болып табылады.

Түйін сөздер: су құқықтық қатынастары, су заңнамасы, су қорын қорғау, су қатынастары жүйесі, трансшекаралық су ресурстары.

Жүктелулер

Как цитировать

Kusmambetov, K. D. (2023). Қазақстан Республикасының трансшекаралық су ресурстарының түсінігі және құқықтық жағдайы. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 105(1), 76–83. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v105.i1.08

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ