Жылжымайтын мүлік құқығын иеленуге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың негізгі себептері мен шарттары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v105.i1.011Аннотация
Мақалада егемен еліміздің өзекті мәселелеріне айналып отырған, атап айтқанда адамдардың жылжымайтын мүліктерді иелену құқығына заңсыз қол сұғушылық қылмысытық құқықбұзушылығы - тың тақырып ретінде зерттеліп отыр. Ол бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың негізгі себептері мен шарттары туралы сұрақтары көтерілген. Өйткені мәртебелері айқындалған мемлекетіміздің Ата заңында көрсетілген тұлғалардың құқықтарын жүзеге асырудағы ұмтылысы, олардың лайықты өмірін, елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі өзінің басты мақсатын жүзеге асыруда еліміз мақсатты, кәсіби және тиімді түрде көрініс табады.
Кез-келген құқықтық мемлекет не оның қалыптастыру үрдісін жүргізіп жатқан мемлекет, әрбір адамның және азаматтың жеке басы мен бостандығын құрметтеуді, еңбекке қабілетсіз отандастарын қамқорлық шуағына бөлеуді, адал еңбекті қадірлей алуды, ана мен баланы, отбасы мүшелерін қорғауды, зейнеткерлерге қамқор болуды, ардагерлер мен Отан қорғаушыларын ардақ тұтуды, тәуелсіз, әрі ерікті қоғам құруды, мақсат етіп қояды.
Көптеген ғылыми зерттеулерде адам құқықтарын қамтамасыз етуде қазақстандық жүйесін ұйымдастыру мен қызметінің негізгі қағидаттарын талдауға қадам жасалды: ол жүйелердің қатарына халықтың мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде қатысуы, өз құқықтарын қорғай алуы сияқты факторлар жатады.
Жоғарыда баяндалғандардың барлығы құқықтық мемлекет қалыптастыру мен нығаюы, мемлекеттік тәуелсіздіктің тірек конструкцияларын құрайтын жекелеген институттарды жетілдіру жайлы, оның ішінде адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асырудағы кешенді ақпарат жөнінде білімді толықтыруға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: жылжымайтын мүлік құқығын иелену, құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттарының түрлері, мемлекет, тұлға, саясат, құқық.