Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыруға сотталғандардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелелері

Авторлар

  • T. A. Akimzhanov Тұран университеті, Қазақстан, Алматы қаласы http://orcid.org/0000-0003-0124-4368
  • G. Zh. Osmanova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қаласы http://orcid.org/0000-0002-3480-2015
  • T. S. Ordaliev Қазақ инновациялық академиясы, Қазақстан, Семей қаласы http://orcid.org/0000-0002-5062-7894
  • P. V. Sitnikov М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы http://orcid.org/0000-0003-4269-3362
  • K. A. Bilakhan Тұран университеті, Қазақстан, Алматы қаласы http://orcid.org/0000-0002-1611-4884

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v104.i4.06

Аңдатпа

адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ бас бостандығынан айыруға сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету проблемасының өзекті мәселелеріне кең көңіл бөлу және оларды жүзеге асыру қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие. Жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар адам мен азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатындығы белгілі. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, заңнамамен бекітілген құқықтарды пайдалану мүмкіндігін ұсынудағы мемлекеттің және азаматтардың өзіне жүктелген міндеттерді орындау кепілдіктерін қамтиды.  Бұл, ең алдымен, адамның жеке өмірінен құпия болып табылатын немесе жария етілуі мүмкін ақпарат ауқымын, сондай-ақ оның қандай ақпаратты алуға құқығы бар екенін өзі анықтауымен маңызды болып отыр.

Қарастырылып отырған мақалада бас бостандығынан айыруға сотталғандардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелерін қамти отырып, Қазақстан Республикасындағы сотталғандардың жазаларды атқару кезінде құқықтары мен заңды мүдделерін жақсартудың негізгі бағыттары көрсетілген. Авторлар, сотталғандар азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі болғандықтан, оқшауланған жағдайда да олардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет тарапынан қорғалуы тиіс екендігін алға тартып отыр. Бұл функцияның қамтамасыз етпеу немесе толық қамтамасыз етілмеуі,  тек жазаны атқару жүйесінің ғана емес, мемлекеттің бүкіл құқық қорғау жүйесінің беделін түсіруге әкеледі.

Түйін сөздер: құқық, заңды мүдделер, сотталушы, жазаны орындау, жазаны орындау мекемелері, азаматтық қоғам.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-15

Журналдың саны

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ