Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны цифрландыруды құқықтық реттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v100.i4.05

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны цифрландыруды құқықтық реттеу туралы мәселені қарастырылған. Автор дамып жатқан  технологияларды іске асыруда экологиялық проблеманың, цифрлық экологиялық қауіпсіздік пен цифрлық экожүйенің қазіргі жағдайын айқындап, қарастырады. Өзекті экологиялық мәселелер, біздің еліміздің кейбір аймақтарындағы және әлемдегі экологиялық дағдарыстар, жалпы алғанда, цифрлық экология мен заңдылықты қолдана отырып, шешімдерді іздеуді қажет ететіндігінде болы тұр. Алайда цифрландыру стратегияларын заңды түрде жүзеге асыруға қатысты көптеген сұрақтар көрініс табады. Сандық трансформация деректерді қорғауға, ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне, техникалық дизайнға, жауапкершілікке және реттеуші мәселелерге әсер етеді. Ғылыми мақаланың теориялық маңыздылығы айта кететін болсақ,  оның нәтижелері экологиялық құқықтың теориялық тұжырымдамаларын жаңа ғылыми мәліметтер мен нәтижелермен толықтыратындығымен түсіндіріледі. Зерттеу әдісі ретінде логикалық-құқықтық, жүйелік, функционалдық, салыстырмалы-құқықтық әдіс, сонымен қатар құқықтық әлеуметтану әдістері қолданылды. Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы экологиялық ақпаратты цифрландыру мәселелерін зерттеу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені ретінде,  сонымен қатар экологиялық ақпарат саласындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету  болып табылады.

Түйінді сөздер. Экологиялық құқық, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік, экологиялық ақпарат, цифрландыру, экожүйе, платформа

Жүктелулер

Жарияланды

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ