Қазақстан Республикасының 30 жылдық тәуелсіздігі және сот жүйесінің өзекті мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v100.i4.04
        127 78

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының сот жүйесіне қатысты кейбір теориялық және практикалық мәселелер ашылады. Қазіргі уақытта сот жүйесі жаңғырту сатысында тұр. Сот жүйесі адам құқықтарын қорғауға, әділеттілікті қалпына келтіруге, әділ жаза тағайындауға арналған. Қоғамның жалпы мемлекеттік билікке деген сенім деңгейі сот билігінің сапасына байланысты. Осы мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының сот жүйесін жетілдіру процесін ашу. Бұл ретте сот жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын қарастыру қажет. Бұл заңнаманы жетілдіру, мамандандырылған соттар құру, судьялардың беделін арттыру. Мақалада жаңа әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексінің ережелеріне талдау жүргізілді. Авторлардың пікірінше, судьялардың қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында үнемі біліктілігін арттыру қажет. Қазақстанда сот билігі күшті, тәуелсіз, беделді, құзыретті, кәсіби болуы керек деген қорытынды жасалды. Бұл - мемлекет алдында тұрған басты міндет. Бұл мақаланың нәтижелері теориялық және практикалық тұрғыда өте маңызды болып табылады.

Түйінді сөздер: сот, сот жүйесі, модернизация, сот төрелігі, сот билігінің беделі, сот төрелігінің үш буынды моделі.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Shukenova, Z. C., Seifullina, A. B., Utegenov, S., Ibrayeva A. К., & Dyussebaliyeva, B. (2021). Қазақстан Республикасының 30 жылдық тәуелсіздігі және сот жүйесінің өзекті мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 100(4), 26–36. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v100.i4.04

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ