Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.02
        187 84

Аннотация

Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Мақалада Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы жекелеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылады. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындары қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алдын алатын тиімді тетіктердің бірі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдары бұл мәселеге ерекше назар аударады. Жұмыста мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттері жүзеге асыратын), сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдары мен олардың қауымдастықтары (Академиялық адалдық лигасы), сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің факторларын анықтауға ықпал ететін мемлекет аумағында тіркелген қоғамдық бірлестіктер бастамасымен жүзеге асырылатын іс-шаралардың мысалдары келтірілген. Жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жекелеген түрлеріне қысқаша сипаттама берілді. Оның ішінде: жалақы деңгейінің төмендігі, мемлекеттік гранттарды бөлу кезіндегі бұзушылықтар, академиялық адалдық қағидаттарын сақтамау туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша ұсыныстар әзірленді, оның нәтижесінде жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықты жоюға әкелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелінің факторлары барынша азайтылатын болады.

Түйін сөздер: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлық, жоғары оқу орындары, саналы ұрпақ – сознательное поколение, академиялық адалдық, еңбекақы, мемлекеттік грант, мұғалім, студент.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-07-18

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ