Сингапур сот жүйесі (2020 жылғы пандемиядағы жұмыс тәжірибесі)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v97.i1.08Аннотация
Сот төрелігінің тиімділігін үнемі арттыру міндеті оның көпқырлылығы мен қоғамның өсіп келе жатқан сұранысына байланысты өзекті болып қала береді. Осы пікірталасты жалғастыру мақсатында мақалада Сингапурдың сот жүйесін сот құрылысы және сот ісін жүргізу призмасы арқылы талдау жүргізілді. Жұмыстың мақсаты – зерттелетін әділет органдарының практикалық шешімдерін талдау, оң және теріс тәжірибені көрсету. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығы деңгейін арттырудың оң практикасы айқындалғанында болып отыр. Нәтижесінде Ресейде де, Қазақстанда да сот жүйелерінің туындайтын қажеттіліктерінің жақындығына байланысты халықаралық құқық нормаларын имплементациялау мүмкін болып отыр. Әдістемелік негіз: формальды-құқықтық әдіс, синхронды және диахрондық әдістер, сондайақ танымның жалпы ғылыми әдістері. Сингапурдың әділет саласына қысқаша шолу, оның ішінде осы жүйеге электрондық технологияларды енгізу тәжірибесі келтірілген. Автор бұл технологияларды енгізу және сот процесінің кейбір элементтерін қалыпты түрде жою бюрократиялық және материалдық шығындарды азайтуға, сондай-ақ 2020 жылғы пандемия кезінде соттың және басқа да адамдардың еңбек ресурстарын тиімді және қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Түйін сөздер: электрондық сот, сот ісін жүргізуді автоматтандыру, сот төрелігінің қолжетімділігі, интернет.