Жануарлардың саулығы-қазақстандық заңнамадағы жаңа термин

Авторлар

  • М.B. Baideldinova КИМЭП университеті, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v97.i1.05
        149 108

Аннотация

Соңғы бірнеше онжылдықта «Жануарлардың саулығы» термині әлемнің көптеген елдерінің заңнамаларына кірді. Көптеген азаматтар жануарларға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын және жануарлардың саулығының адамның күнделікті өміріне: ауылшаруашылық өнімдерінің сапасына, халықтың денсаулығы мен климатқа әсерін түсінеді. Қазақстан заңнамасында «Жануарлардың саулығы» термині де біртіндеп әртүрлі нормативтік актілер мәтіндеріне енгізіле бастады, алайда біздің заңнамада бұл терминнің анықтамасы берілмеген. Оның мәні құқық қолдану кезінде жиі түсіп қалып отырады. Осы зерттеудің мақсаты осы терминнің шығу тегі мен мағынасын талдау; жануарлардың саулығы институтының маңыздылығын негіздеу, сондайақ осы термин пайдаланылатын қазақстандық нормативтік актілерді анықтау болып табылады. Зерттеуде біз осы терминді қамтитын барлық қазақстандық нормативтік актілерге, сондай-ақ оны пайдаланатын Қазақстан үшін маңызды халықаралық құжаттарға талдау жасадық. Зерттеуде біз осы терминді қамтитын барлық қазақстандық нормативтік актілерге, сондай-ақ оны пайдаланатын Қазақстан үшін маңызды халықаралық құжаттарға талдау жасадық. Осы зерттеудің айқын маңыздылығына және оның пандемия және әлемдік сауда көлемінің ұлғаюы жағдайында өзектілігіне қарамастан, қазақстандық заң ғылымында бірінші болып осы бап жануарлардың саулығын заңнамалық реттеу проблемасын қозғайды. Мақаланың қорытындысында, бұл жұмыстың практикалық мәні неде екенін білдіретін, жануарлармен жұмыс істеу саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі қорытындылар мен практикалық ұсынымдар келтіріледі.

Түйін сөздер: жануарлардың саулығы, халықтың денсаулығы, жануарларды емдеу

Жүктелулер

Как цитировать

Baideldinova М. (2021). Жануарлардың саулығы-қазақстандық заңнамадағы жаңа термин. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 97(1), 48–55. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v97.i1.05

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ