Ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттің кейбір функцияларын трансформациялау туралы мәселеге
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v96.i4.02Аннотация
Аталған мақала цифрландыру жағдайында мемлекеттің жекелеген қызметтерін өзгертуді талдауға арналған. Өтіп жатқан және жоспарланған мемлекеттік басқару жүйесін өзгертуді талдау барысында авторлар сол функциялардың өзін жетілдіру мен трансформациялау туралы қазіргі ақпараттық технологияларды енгізуге негізделген қорытынды жасайды. Сонымен қатар авторлар қазіргі қоғамда мемлекетті басқарудың тиімділігі жаңа технологиялар мен процедураларды пайдалануға тікелей байланысты деген тұжырымға келеді. Мемлекет өзін-өзі жетілдіре отырып бұл процедуралар мен технологияларды өз қызметіне жету мақсатына бейімдеуге ұмтылуы тиіс. Мақалада мемлекеттік басқару үдерісін жаңғыртуға байланысты енгізілген цифрландыру туралы заңнамаға талдау жасалады. Цифрландыру үдерісі белсенді енгізіліп жатқан, сондай-ақ аталған үдерісті іске асыруға дайын тұрған бағыттар да жан-жақты қарастырылған. Авторлар отандық тәжірибелерге және бірнеше шет елдік заңнамалар мен тәжірибелерге салыстырмалы талдаулар жүргізген. Цифрландыру үдерісі шешетін мәселелер мен ақпараттандыруға кеңінен енгізуге болмайтын мәселелерге де баса көңіл аударылғаны байқалады. Түйін сөздер: мемлекеттік басқару, мемлекеттің функциялары, ақпараттық қоғам, құқықтық қатынас, құқықтық сана.