Жаһанданудың қазақстанның жоғары білім саласына ықпалы: саяси-құқықтық аспектілері

Авторлар

  • B. O. Altynbassov Бристоль университеті, Ұлыбритания, Бристоль қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v96.i4.01
        396 416

Аннотация

Бұл жұмыстың мақсаты ретінде жаһанданудың теориялық және тарихи аспектілерін және оған негіз болған саяси және құқықтық актілерді талдау, жекелеген елдердің білім саласына ықпалын ашып қарастыру. Зерттеу жұмысы сапалық зерттеу әдісі негізінде құжаттамалық анализге сүйеніп жүргізілді. Жаһанданудың жоғары білім саласында қалай пайда болғанын анықтау үшін Вашингтон Келісімі, Болон процесі және өзге де саяси құбылыстардың құқықтық актілері құжаттамалық анализ арқылы қарастырылды. Қосымша ақпараттар түрлі ресми құжаттар мен ақпарат көздерінен қайталама талдау әдісін қолдану арқылы алынды. Сондай-ақ, осы тақырыпта жүргізілген ғылыми еңбектерге тарихи және логикалық талдау әдістері арқылы саралау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде жоғары білім саласындағы жаһандану саясаты неолибералдық концепциямен ұштасатыны және ол Батыстың дамыған елдерінің бастамасымен жүзеге асырылғаны анықталды. Жоғары білім саласында неолибералдық идеялардың таралуына Вашингтон Келісімі және халықаралық қаржы ұйымдарының қатысы бар екені көрсетілді. Жоғары білім саласындағы мәселелерді нарықтық қатынастар арқылы шешу идеясы АҚШтың экономист ғалымдарының кеңес беруімен жасалғаны және ол Американың экономикалық үстемдігін орнатуға бағытталғаны туралы тұжырым жасалды. Басқару жүйесінің тиімді қызмет етуі университеттің жалпы тиімділігіне ықпал ететін басты фактор екені және бұл бағытта қазақстандық университеттерде әлі де жетілдіру жұмыстары жүргізілу қажеттігі ұсынылды. Зерттеу барысында жасалынған ұсыныстар мен қорытындылар жоғары білім саласындағы басқару моделіне қатысты реформа жүргізуде уәкілетті органдармен ескеріледі деген үміт бар. Сондай-ақ, бұл мақала осы тақырыпта келешекте жүргізілетін зерттеу жұмыстарына ғылыми негіз болады деп күтіледі. Түйін сөздер: жаһандану, неолиберализм, мемлекеттік университеттер, басқару жүйесі, құқық және саясат.

Жүктелулер

Как цитировать

Altynbassov, B. O. (2021). Жаһанданудың қазақстанның жоғары білім саласына ықпалы: саяси-құқықтық аспектілері. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 96(4), 4–15. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v96.i4.01

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ