Мемлекеттік сатып алу саласындағы тапсырыс берушінің кәсібилігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v95.i3.01Аңдатпа
Мемлекеттік сатып алу мемлекет экономикасында маңызды реттеушілерінің бірі болып табылады. Бүгін олар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде, шағын және орта бизнесті дамытуда маңызды рөл атқарады және еліміздің ең алыс аймақтарын дамыту үшін маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, аталған міндеттерді жаксы орындау үшін бюджет қаражатын тек кәсіби және ұтымды басқарумен ғана мүмкін болады. Сонымен бірге, талдау мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ олардың дәйектілігінің жоғары өсуін көрсетті. Осыған байланысты автор бұл мәселеде проблемаларды шешу үшін өз жолдарын ұсынады. Мақаланың ғылыми маңызы бар, өйткені мемлекеттік сатып алу саласы Қазақстан Республикасында аз зерттелген, оның тиімділігі мен даму перспективаларын түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты мен идеялары: мемлекеттік сатып алу саласында жасалған құқық бұзушылықтардың жай-күйіне талдау жасау, құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау, халықаралық тәжірибені зерделеу, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жолдарын ұсыну. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығына қысқаша сипаттама: мемлекеттік сатып алу жүйесі кәсіби шеберлік қағидатын енгізуге, жоғары білім берудің мемлекеттік стандартын әзірлеуге және тапсырыс берушілердің біліктілігін үнемі жетілдіруге тиіс. Осы принципті іске асырса, сатып алу процесі тиімді басқарудың негізі болып табылады. Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы: Әдістемелік негіз жалпы ғылыми әдістермен және салыстырмалы құқықтық әдіспен құрылды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары: Мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін автор «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы кәсібилік принципін толықтыруды, лауазымды тұлғаларға нақты біліктілік талаптарын белгілеуді, сонымен бірге талданатын салада мамандар даярлауда АҚШ тәжірибесін қолдануды ұсынады (жоғары білімнің мемлекеттік стандартын әзірлеу). Зерттеу мәні: бұл мемлекеттік органдарға, мемлекеттік сатып алуларға тапсырыс берушілерге, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға қызығушылық тудырады. Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы: алынған теориялық нәтижелер құқық қолдану практикасын жетілдіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алуды тиімді басқаруды ұйымдастыруға ықпал етеді. Түйін сөздер: мемлекеттік сатып алу, қағидалар, кәсібилік, Қазақстан Республикасы, тиімді басқару.
