Мемлекетті басқару нысандарын ұйымдастырудағы конституциялық басымдықтар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v94.i2.06

Аңдатпа

Зерттеліп отырған жұмысымыздың тақырыбы мемлекетті басқарудың құзіреттілік салаларын, билік субъектілері мен тармақтарын іс жүзінде тиімді бөлуге қатысты конституциялық ұстанымдар мен конституциялық талаптарды қамтиды. Зерттеу барысында президенттік басқару жүйесінің мемлекеттің стратегиялық дамуына саяси ықпалы сараланады. Сонымен қатар, мемлекеттік биліктің ішкі және сыртқы байланыстар бағытында қоғамдық тәртіп пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі мен конституциялық талаптар талқыға түседі. Зерттеу негізгі объектісі ретінде Орта Азия мемлекеттері арасында өзіндік орнын қалыптастыра білген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесі талданады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесінде егеменді еліміздің «Қазақстан-2050» стратегиялық даму жоспары негізгі бағыт болғандықтан көпжылдық идеялардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылу механизмдерінің заңдылықтарына кең ауқымда талдау жасау болып табылады. Жоғарыда айтылған стратегиялық даму жоспарындағы көпжылдық идеялардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылу механизмдерінің заңдылықтарын жүйелеу мен қалыптастыру мәселесі – кезек күттірмейтін өзекті бастама. Болашақ бағытын айқындап қана емес, нақты жүйеге келтіре білген мемлекет батыл қадам жасай алады. Қазіргі ғаламдық жаһандану кезінде өркениетті мемлекеттер өткен жолын өрнектей отырып, болашаққа батыл болжам жасауда. Күннен-күнге дамылдап дамып бара жатқан жаһандық көштен қалмау үшін өз болашағымызды бағамдап алуымыз қажет. Зерттеу жұмысында осы бағыттар бойынша ғылыми негіздер сипатталады. Ғылыми-зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерге сүйене отырып айқындалған теориялық дәйектілігімен, автор тарапынан ғылыми басылымдарда жарияланған материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, зерттеу жұмысының ғылыми негізге сәйкестілігімен, сондай-ақ мемлекеттік билікті басқаруда стратегиялық тұрғыда экономикалық дамумен қатар қоғамдық тәртіп пен саяси тұрақтылықты сақтай білуді қамтамасыз ету механизмі мазмұнының толық ашылуымен сипатталған. Егеменді еліміз Конституция талаптары бойынша Президенттік басқару нысанына жататын тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет. «Қазақстан-2050» даму стратегиясындағы көпжылдық идеялардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылу механизмдерінің заңдылықтарын жүйелеу және қалыптастыру мемлекет үшін аса маңызды мақсат, ал құқықтық (білім) институт үшін аса құнды қағида болып саналады. Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы Ата Заңымыз – Конституциямыздағы халықтың игілігіне, бейбітшілік пен тыныш өмірге негізделген басты ұстанымдарды берік ұстанып, Мәңгілік ел ретінде тәуелсіздігімізді қастерлей білу, әлемдегі дамыған елдердің қатарынан бой көрсету болып табылады. Түйін сөздер: мемлекет, билік, конституция, заң нормалары, саяси тұрақтылық, қоғамдық тәртіп, стратегиялық даму, конституциялық бақылау, конституциялық заң, заң.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-11

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW