Конституциялық құрылыс негіздерін қозғайтын ҚР Конституциялық кеңесі шешімдерінің ерекшелігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v93.i1.06Аңдатпа
Мақала мемлекетіміздің ең негізгі құқықтық актісі Конституция нормаларының жүзеге
асырылуын қадағалайтын негізгі орган ретінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі
қызметінің ерекшелігіне көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі өз
өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды
адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және
өзге себептердi негiзге ала алмайды, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарды басшылыққа ала
отырып, өз өкілеттігін жүзеге асырады.
Егемен Қазақстанда дамып келе жатқан конституционализмнің институционалдық
компоненттерінің бірі, Конституцияны қорғау тетігінің, Қазақстан Республикасындағы барлық
құқықтық актілердің оған сәйкестігін қамтамасыз етудің маңызды элементі Конституциялық
Кеңес – конституциялық бақылау органы болып табылады. Оның қызметін жетілдіру
құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет құрудың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Конституциялық бақылау органының шешімдері құқық көздерінің қатарына жататындығы,
Конституциялық Кеңестің және басқа мемлекеттердің конституциялық соттарының қаулылары
нормативтік сипатта бола ма деген мәселе әдебиетте пікірталас болып табылады. Мақаланы орындау барысында ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды: жалпы әдістер –
талдау, синтез, диалектикалық әдіс, тарихи әдіс, құрылымдық-функционалдық әдіс, әлеуметтік
әдіс, статистикалық әдіс.
Түйін сөздер: конституция, нормативтік акт, құқықтық акт, құқық, міндеттер, мемлекеттік
орган.
