Эвтаназия феномені: этикалық, медициналық және құқықтық аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v93.i1.02Аңдатпа
Эвтаназия феномені қоғамдық сананы ежелден дүрліктіре келеді. Қазіргі кезеңде
эвтаназияның этикалық, медициналық және құқықтық мәселелері өзекті болып табылады.
Эвтаназия өлім туралы ілім – танатологияның негізгі бөлімдерінің бірі. Талқылаудың басты
сұрағы қазіргі мемлекеттердің заңнамасында эвтаназияны заңдастыру мәселесі. Мақаланың
мақсаты – бұл мәселенің қазіргі заманғы жағдайын этикалық, медициналық және құқықтық
тұрғысынан талдау. Зерттеу барысында заманауи ғылыми әдістер қолданылды. Шетелдік
қайнар көздерінің кең спектрі мен әр түрлі елдердің заңнамалық актілері талданды. Эвтаназияны
заңдастырудың орындылығы туралы жаһандық дискуссияға талдау жасалды. Жалпы ғылыми
әдістердің қолданылуы отандық және халықаралық жұмыс әдістемесін салыстыруға мүмкіндік
берді. Эвтаназияны заңдастыру немесе тыйым салу негізінде мемлекеттерді жіктеу жүргізілді.
Голландияда, Бельгияда және АҚШ-та эвтаназияны қолданудың заңнамалық-құқықтық
базасын мысалға келтіре отырып, оны жүзеге асыру тәртібінің құқықтық регламентациялаудың
мәселелері қарастырылды. Эвтаназияны құқықтық реттеу мәселесі этикалық және медициналық
мәселелермен бірге қарастырылады.
Зерттеу нәтижесінде қорытынды жасалады. Мақалада өсіп келе жатқан көптеген елдерде
эвтаназияны заңдастыруды ескере отырып, медициналық этикаға тигізілуге мүмкін зардаптары
анықталды. Медициналық этикалық кодекстер мәселенің қазіргі жағдайына байланысты қалай
бейімделуі керек деген болжам негізделеді.
Түйін сөздер: құқықтар, эвтаназия, өлім, медициналық этика, заң, заңдастыру, тыйым.
