Қазақстан Республикасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арақатынасы: әрекеттері, мәселелері және келешегі

Авторлар

  • D. Orynbayeva

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v92.i4.011

Аңдатпа

Аңдатпа. Бұл мақалада Қазақстан Республикасы мен БҰҰ ынтымақтастығына талдау
жүргізілген. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қадам басқан алғашқы сатысынан бастап,
халықаралық қатынастардың қатысушысы ретінде республиканың және БҰҰ-ның саяси және
экономикалық бағыттағы өзара қарым-қатынастардың біртұтас жүйесін, өзара іс-қимылының
қазіргі тенденциялары мен бағыттарына талдау жасалынған. Халықаралық ынтымақтастықты
дамыту шеңберінде проблемалық мәселелерге, сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰ арасындағы одан
әрі өзара іс-қимылының келешегіне тоқталып зерттелген.
Бүгінгі таңда халықаралық құқықтың дамуын қарастыра отырып, ірі халықаралық ұйымдардың
қызметі аясында Қазақстан өз қызметін жүзеге асыру барысында белсенді қатысып қана қоймай,
сондай-ақ тұрақты дамып келе жатқан мемлекет болып табылатынын атап өткен.
Мақаланың өзектілігі халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтың дамуына
Қазақстан Республикасының қосқан үлесін зерттеу қажеттілігімен анықталды. БҰҰ халықтар арасындағы өзара халықаралық қатынастар процестерін реттеу үшін арналған маңызды ұйымның
бірі болып табылатыны анық. Қазіргі жаһандану жағдайында, сондай-ақ жеке тәуелсіз, дербес
мемлекеттердің өсу қарқынына сай, халықтар арасындағы қатынастарды реттеу мәселелері
әлемдік геосаясатқа әсер ететін аса өткір мәселеге айналып отыр. Осыған байланысты әлемдегі
тұрақты халықаралық қатынастарды ұйымдастырудағы тәуелсіз мемлекеттер мен елдердің рөлі
артып келеді.
Қазақстан көрсетілген зерттеу барысында халықаралық аренадағы ашық және бейбітсүйгіш
мемлекет ретінде өз орнын бекітті. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы ядролық
қарусыздану процесіне, ядролық сынақтарды тоқтатуға және ядролық таратпау режимін
нығайтуға елеулі үлес қосқан болатын. Мемлекеттің экономикалық және саяси жүйелерінің
қарқынды қалыптасуы, жетекші халықаралық ұйымдардағы белсенді қызметінің арқасында
республикаға әлемдік аренада елеулі тәжірибе мен саяси беделге ие болуға мүмкіндік берді.
Қазақстан орнықты дамуға бағытталған бастамалардың негізінде, бейбітшілік сүйгіш саясатты
жақтайтын, сондай-ақ басқа елдермен толыққанды және тату көрші қарым-қатынастарды
қалыптастыруға бағыт алған мемлекет ретінде танытып отыр.
Түйін сөздер: Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ-ның Жарғысы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы,
ЮНЕСКО, АӨСШК, Ядролық қаруды таратпау туралы Шарт, БҰҰ-ның бітімгершілік операциясы,
адам құқығын қорғау, гендерлік теңдік.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-01-27

Журналдың саны

Бөлім

INTERNATIONAL LAW