Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасыруына қарсы және лауазымды тұлғалармен есепке алу-тіркеу тәртібін сақтауы туралы ретроспективті талдау

Авторлар

  • A.K. Bekishev
  • A.G. Kan
  • S.S. Dyussebaliyeva

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v92.i4.08

Аңдатпа

Осы мақалада қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы және қылмыстық қудалау
органдарының лауазымды тұлғалармен есепке алу-тіркеу тәртібін сақтауы туралы ретроспективті
талдау жүргізілді. Бұл жұмыстың мақсаты тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі (құл иелену дәуірі,
орта ғасырлық кезең, буржуазия дәуірі, кеңестік уақыт кезеңі, қазіргі Қазақстан) қылмыстық
құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу мәселелерін зерттеу болып
табылады. Сонымен қатар, қазақ кәдімгі құқық кезеңінде есепке алу-тіркеу тәртібін сақтау
аспектілері зерттелді. Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты қарау
тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін саралау мәселелері де қозғалды.
Зерттеудің өзектілігі заң әдебиетінде есепке алу-тіркеу тәртібін сақтау және қылмыстық құқық
бұзушылықтарды жасыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне ретроспективті талдау жүргізумен
байланысты емес. Мақаланың практикалық мәні Тарихи аспектілерді зерделеу өткен жылдардағы
проблемаларды зерттеуге, лауазымды тұлғалардың есепке алу-тіркеу тәртібін сақтауының оң
тәжірибесін қорытындылауға, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасыруға қарсы іс-
қимылдың перспективалық бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Ғылыми мақаланы дайындау
барысында зерттеудің жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістері (тарихи, диалектикалық,
салыстырмалы-құқықтық, логикалық) пайдаланылды. Авторлар практикалық мысалдардың кең
шеңберін келтірген.
Түйін сөздер: есепке алу-тіркеу тәртібі, қабылдау, тіркеу, есепке алу, жасыру, қылмыстық
құқық бұзушылық.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-01-27

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY