Жауап алумен байланысты тергеу әрекеттерінің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері

Авторлар

  • A.G. Kan
  • A.B. Izbassova
  • S. Sheloukhine

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v91.i3.010

Аңдатпа

Мақала жауап алумен байланысты тергеу әрекеттерінің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін қылмыстық процестің, криминалистика және жедел-іздестіру қызметінің арақатынасы мәселелеріне арналған. Жауап алудың іс жүргізу ережелерін және оны жүргізу тактикасын қалыптастыру қылмыстық процестің, криминалистика мен жедел-іздестіру қызметінің өзара әрекеттестігі, өзара тәуелділігі мен өзара байланысынсыз мүмкін емес. Тәжірибе жедел-іздестіру қызметі процесінде алынған нәтижелерді қылмыстық істер бойынша дәлелдеуде пайдалану жауап алудың тиімділігіне ықпал ететінін куәландырады. Мақалада бұрын қолданыста болған және қазіргі заманғы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы талданып, соның негізінде ұлттық заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды. Жүргізілген зерттеулер негізінде авторлар криминалистика зерттеулер мен әзірлемелерде жиі көш бастап, кейін іс жүргізу нормаларына және қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымына ауысады деген қорытындыға келді. Отандық қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен криминалистика тарихы осы көріністі айқын көрсетеді. Қылмыстық процесс пен криминалистиканың өзара іс-қимылы, өзара тәуелділігі және өзара байланысы нәтижесінде беттестіру, тану үшін ұсыну, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау, тергеу эксперименті, айғақтарды сақтауға беру сияқты айғақтарды алумен байланысты тергеу іс-әрекеттерінің туындауы мүмкін болды. Сонымен қатар, аталған тергеу әрекеттерінің дербес болуына қарамастан, оларды жүргізу жауап алынғаннан кейін ғана мүмкін болады. Бұдан басқа, заңдылық кепілдігін арттыру, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, сондай-ақ тергеудің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде түсініктемелер алу рәсімін көрсететін ережелерді регламенттеу қажет. Мақаланың ғылыми-әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының ҚК, ҚР ҚПК, сонымен қатар Қазақстанның және шет елдердің атақты ғалым криминалистерінің еңбектері құрайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-03

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY