Ұлттық мүдделердің маңызды қасиеттері, олардың классификациясы

Авторлар

  • Zh.K. Amanov
  • А.А. Salimgerey
  • М.N. Nurtileu

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v91.i3.04

Аңдатпа

Ұлттық мүдделер – бұл олардың құрылымды және біркелкі түсінуін талап ететін көп қырлы және көп аспектілі құбылыс. Ең маңызды белгілері бойынша жіктеу ұлттық мүдделер туралы білімді жүйелеуге және нақтылауға, оларды тұтас категория ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде оларды жүзеге асырудағы проблемаларды анықтауға, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді анықтауға және бағалауға мүмкіндік береді.   Ғылыми әдебиеттерде ұлттық мүдделерді жіктеу әр түрлі негіздер бойынша әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып, сонымен қатар ғылымның әртүрлі салалары тұрғысынан жүзеге асырылады. Көрсетілген мәселе, ұлттық мүдделер туралы олардың барлық көріністері мен өзара байланысты ескере отырып бір тұтас түсінігін қалыптастыруды қиындатады. Сонымен бірге, ұлттық мүдделердің жеке қырлары мен аспектілерінің формальды және мазмұнды сипаттауы көбінесе шатастырады. Зерттеу нәтижесі ретінде ұлттық мүдделердің негізгі қасиеттері ұсынылған, бұл олардың құрылымдық элементтерді қоса жүйе ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Бұл маңызды қасиеттер ұлттық қауіпсіздік теориясында ұсынылған жіктеу тәсілдерін топтастыруға және құрылымдауға негіз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-28

Журналдың саны

Бөлім

THEORY AND HISTORY OF STATE AND LAW