Есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы істер бойынша іс жүргізу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v90.i2.013Аңдатпа
Бұл мақалада қылмыстық іс жүргізудегі күрделі мәселелердің бірі есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселелері қарастырылып кетеді. Есі дұрыс емес адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану – күрделі процессуалдық шара, себебі бұл жерде біз қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы адам құқықтарын қорғау мәселесіне үлкен мән беріп кетеміз. Бұл мақалада авторлар процестік келісімнің дүниежүзілік және отандық ғалымдардың ой-пікірлерін салыстыра отырып өзіндік түсінікті ашып кетуге тырысады. Сонымен қатар қылмыстық процестік кодексте есі дұрыс емес адамдарға қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану ерекшеліктерін және нысандарын мейлінше қарастырып, зерттеу жұмысын жүргізеді. Мәжбүрлеп емханалық бақылау және психиатрда емдеуді тағайындау туралы соттың шешімі адамның өзіне жарияланып қана қоймайды, сонымен қатар соттың шешімін орындауға міндетті әділет органдарына, сондай-ақ психоневрологиялық диспансерге жолданады. Сотталған адам психиатр белгілеген мерзімділікпен дәрігерге көрінеді. Адам психиатр ұсынған емдеудиагностикалық шараларды орындайды. Егер берілген жаза бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, онда кешенді медициналық-әлеуметтік оңалту процесі барысында адамға әлеуметтік көмек беріледі. Психиканың бұзылуы асқынып, адамның қоғамға қауіптілігі артқан жағдайда психиатр дәрігерлер комиссиясының ұсынысымен сот мәжбүрлеп емханалық емдеуді психиатриялық диспансерде (әдетте, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда) мәжбүрлеп емдеуге өзгертуі мүмкін. Мақаланың мақсаты – осы саладағы жинақталған теориялық және тәжірибелік білімге, сондай-ақ қазіргі ҚПК нормаларына сәйкес, қылмыстық iстер бойынша қылмыстық iс жүргiзу заңдарын және құқық қолдану тәжірибесін жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасау және процессуалдық теориялық тұрғыдағы мәнісін ашу болып табылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қылмыстық іс жүргізу ғылымында есі дұрыс емес адамдарға қатысты медициналық мәжбүрлеу шараларының тиімділігін, үнемділігін қамтамасыз етумен айқындалады. Талдау негізінде авторлар есі дұрыс емес адамдарға қатысты медициналық мәжбүрлеу шараларын саралау барысында отандық және халықаралық тәжірибені талдау жасауға тырысты. Түйін сөздер: медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары, айыпталушы, кінә, қылмыстық процесс, есі дұрыс емес.
