Сарапшы қорытындысының көмегімен дәлелдеудің кейбір аспектілері

Авторлар

  • R.B. Tapalova
  • Y.T. Nurmaganbet
  • A.B. Izbassova

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v90.i2.012

Аңдатпа

Мақалада сарапшы қорытындысын бағалау кезінде пайда болатын мәселелер қарастырылған. Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызға ие болатын фактілік деректер күдіктінің, жәбірленушінің, куәнің, қорғалуға құқығы бар күдіктінің, сарапшының, маман жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, сонымен қатар сарапшы мен маманның қорытындыларымен анықталады. Дәлелдемелерді бағалау барлық ғылыми қайнар көздерде белгілі бір процессуалдық шешім қабылдау үшін дәлелдемелердің қатыстылығы, жіберілетіндігі мен жеткіліктілігін анықтау бойынша логикалық ой қызметінен тұратын дәлелдеу процесінің элементі ретінде қарастырылады. Мақалада авторлар сарапшының қорытындысын бағалауда сарапшы қызметінің барлық маңызды элементтері талдануға жатуы қажет екендігіне назар аударған. Сарапшы қорытындысының ғылыми негізділігін талдау – сарапшы қорытындысын бағалаудың ерекше күрделі кезеңі. Бұл талдау соттар үшін қиындық туғызады, себебі сарапшы қорытындысы – тұлғаның арнайы білімдер негізінде жүргізген зерттеуінің нәтижесі. Құқық қорғау мен сот органдары қызметкерлерінің сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негіздерін білуі – қарастырылып отырған істің жағдайларына сарапшы, маман қорытындыларының сәйкестігін анықтау бойынша объективтік бағалаудың бір шарты болып табылады. Мақалада сараптамалық қорытындыны талдаудың негізгі ережелері жан-жақты ашылып көрсетілген. Түйін сөздер: дәлелдеу, дәлелдеу құралдары, тергеу әрекеттері, әрекет, сараптама, сарапшы, қорытынды, нәтижелер, дәлелдеме, бағалау.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-25

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY