Қазақстан Республикасында егде жастағы азаматтарға арналған әлеуметтік үйлерінің құқықтық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v90.i2.06Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат (пансионат) үйлерінің құқықтық мәртебесіне және онда тұрып жатқан егде жастағы азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты туындайтын мәселелерді шешудің кешенді жүйесіне ғылыми тұрғыдан талдау жасалады. Елімізде қарттар мен мүгедектерге арналған интернат (пансионат) үйлерінің құқықтық нысаны мен құрылымын анықтайтын заң нормаларына талдау жасай келе, жұмыс істеп тұрған егде жастағы азаматтарға қызмет көрсететін әлеуметтік мекемелердің қызметтері мен негізгі мақсаттарына талдау жасалды. Сонымен қарттар мен мүгедектерге арналған интернат (пансионат) үйлерінде тұратын егде жастағы адамдардың құқықтарын қорғаудағы халықаралық тәжірибелерін және дамыған өркениетті шет мемлекеттердің егде жастағы азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы шетелдік ғалымдар мен отандық ғалымдардың егде жастағы азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша ғылыми еңбектеріне талдау жасалып, Қазақстан Республикасындағы егде жастағы азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты ұлттық заңнамалардың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне талдау жасау арқылы, халықаралық құқық нормаларындағы адам құқықтарын қорғау саласындағы әлемнің көптеген мемлекеттері мойындаған қағидалар мен стандарттардың, Қазақстан Республикасында сақталуына байланысты талдау жасалды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қарттар мен мүгедектерге арналған интернат (пансионат) үйлерінде тұрып жатқан егде жастағы адамдардың құқықтарын қорғауға байланысты заңды өкілеттіліктеріне талдау жасалды. Түйін сөздер: құқық, қарт азаматтар, заң, мемлекеттік әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру.
