Маскүнемдік проблемалар кәмелетке толмағандардың аддиктивтік мінез-құлығының ең таралған түрі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v90.i2.03Аңдатпа
Кәмелетке толмағандардың маскүнемдік проблемалары мәселелерін шешу генезистің заңдылықтарын және кәмелетке толмағандардың маскүнемдігінің бір түрі аддикция мен аддиктивтік мінез-құлықтың түрлерін зерттеу арқылы тиімді болып табылады. Мінез-құлықтың аддикциялар мен аддиктивтік нысандарын мұқият талдау олардың қоғамдық қатынастар құрылымындағы нақты орнын түсінуге, олардың таралуы салдарын болжауға және осы жағымсыз құбылыстарды жою үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағанның маскүнемдеу түріндегі бейәлеуметтік мінез-құлқы әр түрлі факторлардың, бірінші кезекте сыртқы әлеуметтік ортаның (микро орта ерекшеліктерінде) әсерінен, сондай-ақ кәмелетке толмағанның жеке тұлғасын жеке ерекшеліктермен байланысты, ол кәмелетке толмағанның әр түрлі өмірлік сәтсіздіктеріне жеке әрекет жасауына себепші болады, олардың дербес шешімі кәмелетке толмағанға проблемалы болып табылады. Түйін сөздер: кәмелетке толмаған, аддикт, аддикция, аддиктивтік мінез-құлық, маскүнемдік, әлеуметтік сауалнама, алдын алу, ескерту, күрес шаралары, маскүнемдікке қарсы саясат.
