Электронды құжат айналымын халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері

Авторлар

  • A.K. Kusainova
  • Thomas Hoffmann

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v89.i1.019

Аңдатпа

Ұсынылған мақалада әлемдік тәжірибедегі электронды құжат айналымын құқықтық реттеудің
өзекті мәселелері қарастырылған, атап айтқанда, электронды құжат айналымын халықаралық
– құқықтық реттеу қайнар көздері қарастырылған. Электронды құжат айналымы саласындағы
қатынастарды реттейтін ұлттық нормативтік база көбінде басқа мемлекеттердің тәжірибесіне
тәуелді екенін айта кету қажет. Басқа мемлекеттердің заңшығару тәжірибесі электронды құжат
айналымының даму тенденциялары елдің даму бағытымен сәйкес келген жағдайда аса пайдалы.
Бұл мақалада осы саладағы халықаралық нормативтік-құқықтық актілерге кешенді саралау
жүргізілген.
Бұл зерттеудің мақсаты электронды құжат айналымы саласындағы қатынастарды реттейтін
халықаралық құқық нормаларын саралау. Электронды құжат айналымын реттейтін мемлекеттерді
3 блокқа бөлуге болады. Әр блокқа электронды құжат айналымын реттеудің өзіндік моделі
тиесілі. Бірінші блок – электронды құжат айналымын реттеудің америкалық моделі. Ол АҚШ,
Канада және өзге де елдерде қолданылады. Екінші блок – европалық модель. Евро Одаққа мүше
елдерде қолданылады. Үшінші блок – электронды құжат айналымын реттеудің постсоветтік
моделі. ТМД елдерінің көбінде қолданылады.
Авторлар электронды құжат айналымын реттейтін халықаралық құқық нормаларын ұлттық
заңнамаға импламентациялау қажеттігі жайлы тұжырым жасайды.
Мақаланың теориялық-әдістемелік негізін жалпығылыми талаптар мен жеке ғылыми
әдістеменің органикалық үйлесімі құрайды. Сонымен қатар, жұмыста жеке ғылыми әдістер де
қолданылған: құрылымдық-жүйелі саралау, нақты тарихи, салыстырмалы құқықтық, логикалық,
статистикалық әдістер және басқалары.
Түйін сөздер: электронды құжат, электронды құжат айналымы, электронды коммерция,
электронды қолтаңба, электронды хабарлама.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-05

Журналдың саны

Бөлім

INTERNATIONAL LAW